$ 447.4  477.55  4.76

Алматыдағы көлік кептелісі проблемасын BRT жүйесі шешпек

Бүгінгі күні Тимирязев көшесі Алматының тығыз орналасқан аудандарын қамтитын қаланың қоғамдық көлігінің маңызды көлік артериясы болып табылады. Тек осы көше бойымен ғана «Шығыс-Батыс» бағытында күн сайын 13 автобус және төрт троллейбустар, соның ішінде №32, №45, №79, №18, №22, №30, №56, №67, №31, №70, №98, №123, №124 автобустары мен №1, №7, №9, №11 троллейбустары жүреді.

Шындыққа жүгінсек, Тимирязев бұрыннан «автобустар көшесі» атанған, алайда мұнда қоғамдық көлік қозғалысының жиілігі төмен - орташа жылдамдық 12 км/сағат болғанымен, бір учаскенің өзінде көлік қатынасы 30 минуттан ұзақ.

Егер аталған көшеге BRT (Bus rapid transit) енгізілсе, онда қоғамдық көлікті пайдалану уақыты мұнда 14 минутқа қысқарады, күнделікті жолаушылар легі 40%-ға артып, 98-ден 145 мың адамға жетеді.

Атқарылатын істі саралай келіп, Мұстафин көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылынан Сүлейменов-Жандосов көшелеріне дейін жүрдек автобус жолақтары енгізілсе, жолаушылар легіс 33-тен 40 мың жолаушыға жетеді. Оның үстіне, көлік тығыздығы 12354-тен 9839 автомобильге дейін төмендейді.

Биылғы жылы 8,7 километр BRT желісі іске қосылса автобустардың қозғалысы 53-тен 36 минутқа дейін қысқарады екен.

Айта кетерлігі, Алматының көлік жүйесін жасау барысындағы бұл жоба БҰҰ-ның «Тұрақты көлік» Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жаһандық экологиялық қордың қолдауы арқасында қолға алынды.

Біздің басты мақсатымыз - Алматыда жеке көліктердің санын төмендете отырып, қаланы газбен ластанудан қорғау, қоғамдық көлікті жетілдіре отырып, жүрдек және ауқымы кең қоғамдық көлікті дамыту.

Алматы әкімдігі осынау бағытта ауқымды шараларды жүзеге асыруда, қоғамдық көлік жүйесі жетілдірілуде, метроның жаңа бекеттері салынуда, «ЖРЖ» жеңіл рельсті көлік жүйесі қолға алынуда, жүктемесі жоғары жолдарға қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақтар жасалуда.

«BRT» жобасы Алматыда жоспарланған жүрдек автобус көлігінің алғашқысы болып табылады, ол Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев, Желтоқсан, Төле би көшелері мен Шығыс айналма жолын және Құлжа трактін қамтиды.

Жолдардың ортасындағы автобус бекттері туралы айтатын болсақ, бұл вариантты «Тұрақты көлік» жобасының кеңесшілері мына критерийлер бойынша ұсынды.

Ең алдымен, қоғамдық көлік қозғалысына оң әсер етеді және көлік кептелістерінің, ретсіз тұрақтардың, такси тоқтатудың салдарынан болатын конфликті жағдайлардың алдын алады.

Екіншіден, BRT вариантының жолақтары жол шетіне орналасқан, соның арқасында көлік тұрақтары алынып, стихиялы тұрақтардың болуына және автомбильдердің ретсіз тоқтауына жол берілмейді.

Үшіншіден, BRT бағытындағы қоғамдық көліктер жол бұрылыстарында автоматты жүйе арқылы басқарылып, көлік легі және бағдаршам нысандары кері әсерін тигізбейді.

Кейінірек BRT желілері бойынша қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүретін болады, яғни қоғамдық көлікке басымдық беріледі.

Жалпы, BRT желісін жасау қажетті шешім болып табылады, соның арқасында жолдың қозғалыс бөлігіндегі, ал жолайрықтарының салынуы барысында магистральды және айналмалы жолдардағы жүктеме азаяды. Халықаралық тәжірибеге сай аудандық маңызы бар көшелердің қозғалыс бөлігін кеңейту тығыз орналасқан елді мекендерде көлік жүктемесінің артуына әкеледі.

Халықаралық тәжірибе BRT желісі енгізілген көшелерде ауыр және қайғылы жағдайларға соқтыратын жол аапттарының 50%-ға төмендегенін көрсетуде. Осының барлығы қоғамдық көлікке ғана емес, сонымен қатар қала экологиясына да оң әсер ететін Жасыл дәлізді енгізудің маңызды екенін көрсетеді.

Айта кетерлігі, Тимирязев көшесін автобус дәлізіне қатысты өзгерту барысында тротуарларды, арықтар мен веложолдарды қайта жасау, инженерлік жүйелерді ауыстыру, заңсыз құрылыстарды алып тастау қатар жүргізілуде. Қозғалыс бөлігіндегі жол- құрылыс жұмыстарын биылғы жылғы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Тағы да. Автомобилистер де ұмыт қалмайды.

BRT дәлізінен алынатын автомобильдер үшін барлық жағдайлар жасалады.

Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында 160-тан астам көшелерді жөндеу аяқталып қалды, кіші айналма жолының көлік өткізу қабілетін арттыру үшін үш жаңа жолайрығы салынуда, көпір қондырғылары ұлғаюда, қозғалыс бөлігінің кеңеюі барысында трамвай жолдары алынуда. Осы айдан бастап қаланың сегіз орталық көшелерінде біржақты қозғалыс ұйымдастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары