21.08.2018, 10:41

Ақтөбе облысында қырылып қалған малдың қожайыны ірі қараның неден уланғанын айтты

Күні кеше Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Қапа ауылында «Ақтеп» шаруа қожалығында асыл тұқымды 124 сиырдың қырылып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Аталған қожалықтың иесі Оразақ Самұратов малдың шөптен уланып өлгенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде тараған видеороликте қырылып қалған сиырлардың кейбірі сойылып жатқаны анық көрінген. Мұны байқаған желі қолданушылары ауру малдың етін сатқалы жатыр деп дабыл қаққан еді. Алайда, Оразақ Самұратовтың айтуынша, өлген малды ветеринарлар сойып, тексеру үшін сынамасын ғана алыпты. Қалған өлекселер түгелімен көмілді дейді кәсіпкер.

«Менің шаруа қожалығымдағы ірі қара малды мәжбүрлі түрде союға тура келді. Ірі қара өлексесі көмілді. Малға жем-шөп беретін аумақ түгел бақылауға алынып, тексерілді. Жем-шөптің бір бөлігі мен сойылған малдан сынама алынып, ветеринарлық лабораторияға жөнелтілді. Нәтижесінде ірі қара малдың уланғаны, ағзадан алколоид анықталды. Улы шөптен шығын болды. Негізі шаруашылыққа жем-шөпті жұмысшылар дайындайды. Қазір шаруашылықта ішкі тексеру жұмысы басталды. Құқық қорғау органдарына арыз жазылды. Зерттеуді қажет ететін малдың бір бөлігі тоңазытқышта сақтаулы тұр. Бұл ірі қараның еті базарға түскен жоқ, сатылайды», - дейді қожалық иесі.

Оразақ Самұратов асыл тұқымды сиырларын түгел сақтандырғанын айтады. Яғни, шығын өтеледі дейді ол.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.