21.08.2018, 11:31

Вандализм: Алматыда пайдалануға енді ғана берілген жерасты өткелін қаскөй жігіт бүлдіріп кеткен (ВИДЕО)

Алматыда биыл жаппай жаңғырту жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Қаладағы жерасты өткелдері де күрделі жөндеуден өтуде. Осындай жап-жаңа өткелдердің бірін белгісіз ер адам бүлдіріп кетті деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Вандалдық оқиға Райымбек даңғылының бойында 7-ші аурухананың маңындағы жерасты өткелінде болған. Нысанның қабырғаларына суретшілер қазақы оюлардың суретін салып, түрлі кескіндермен безендірген екен. Алайда, суреттердің бояуы кеппей жатып оны белгісіз қаскөй бүлдіріп кетті.

Қазіргі таңда полиция күдікті жігітті іздеп жатыр. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

"Осы оқиғадан бірнеше сағат бұрын ғана суретшілер өз жұмыстарын аяқтаған болатын. Яғни, бірнеше күн еңбектенген. Бояуы кеппеген суреттерді мәдениетсіз, жауапкершілігі жоқ бұзақы бүлдіріп кетті. Бізде оның суреті бар, сондықтан оны іздеп табу қиындық туғызбайды", - деді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, күдікті ұсталып, кінәсі дәлелденген жағдайда ол бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.