$ 446.49  475.38  4.79

Қостанай облысында 24 жастағы жігітті өлтіріп кетті

Қостанайда 24 жастағы жігітті өлтіріп кетті деп жазады Alau.kz. Ақпаратты облыстық Ішкі істер департаменті де растап отыр.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр. Тек қаза тапқан жігіттің 24 жастағы жергілікті тұрғын екені ғана белгілі. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен.

Қостанай қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері болса күдіктіні ұстағандарын айтып отыр. Ол Рудный қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жабылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары