$ 444.32  473.33  4.76

ҚазҰУ-де жұмбақ жағдайда қайтыс болған студенттің өліміне қатысты дәрігерлер пікір білдірді

Алматыда Қазақ Ұлттық университетінде қайтыс болған студенттің өліміне ауыр препараттарсебеп болған. Оқиға орнына алғаш болып жеткен жедел жәрдем дәрігерлері осылай деп отыр.

Ақ халаттылардың айтуынша, оқиға 24 қыркүйек күні кешке болған. Сағат 19:46-да жедел жәрдем станциясына қоңырау түсіп, ҚазҰУ жатақханасында 19 жастағы студенттің ес-түссіз жатқаны айтылыпты. 

"Шақырту 5/55-ші реанимациялық бригадаға тапсырылып, олар оқиға орнына 14 минутта, яғни 20:00-де келіп жеткен. Баланың биологиялық өліміне қарамастан дәрігерлер 30 минут бойы оны тірілтіп алудың барлық әдісін жасаған. Алайда, Нұрдос Айтбаевты құтқару мүмкін болмады. Дәрігерлер келгенге дейін оның қайтыс болғаны белгілі болды. Өлімге ағзаға ауыр әсер ететін препараттар себеп болған", - дейді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары