$ 443.85  474.3  4.8

Түркістан облысында оқушылар көрші ауылдың мектебіне бару үшін 3 км жолды жаяу жүреді (ВИДЕО)

Түркістан облысында оқушылар көрші ауылға барып оқиды. Жол арақашықтығы 3 шақырым. Осыған байланысты ата-аналар жергілікті билік өкілдеріне мектепке қатынайтын автобус беру туралы өтініш жазған. Алайда, ешқандай нәтиже болмапты.

Бұл туралы ата-ана  Камшат Шаншарова Facebook-парақшасындағы топтардың бірінде жариялаған.

«Түркістан облысы, Бөген су қоймасына қарасты Кемер елдімекенінің ата-аналары оқушыларды мектепке тасуда. Балалар Жеңіс ауылындағы мектепке барады. Жол арақашықтығы 3 шақырым. Оқушыларға мектепке қатынауға көлік беру туралы өтініш ауыл, аудан әкіміне, «Нұр-Отанға» да өтініш жазғанбыз. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Балаларды ата-аналары күндіз оқуға шығарып салады. Мектептен кешке сағат 7:30-да келеді. Көліктің жоқтығына байланысты балаларымыз мектепке кешігіп барады. Қыста қиналамыз. Балалар кешкі салқында қалып қояды. Күн суықта сабаққа бармайды», – деді ата-ана.

Жанайқайларын ослайша білдірген ата-аналар басшыларға әлі де үміт артатынын айтты.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары