17.10.2018, 21:39

Жолдау жүктеген міндеттерді мүдірмей орындайық

Жезқазған қаласының активі Мемлекет басшысының 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жан –жақты талқылады. Тәуелсіз еліміздің әл –ауқатының, экономикасының дамуы үшін Елбасының тапсырмалары ең маңызды, баршамызға зор жауапкершілікті жүктейді. Жиынға қалалық мәслихаттың хатшысы Советбек Медебаев, қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме – ұйым басшылары, түрлі сала қызметкерлері, ардегерлер мен жастар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Актив жиынын Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімов ашып жүргізіп, Елбасы Жолдауына кеңінен тоқталып, айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру басты міндетіміз деді. Жаңа Жолдаудың қазақстандықтар үшін мән-маңызы тереңде, атқарылар істер ел дәулетінің артыуына бағышталғанын, әрбір тұрғынның жағдайының жақсы болуына тікелей қызмет ететінін жеткізді.

Шаһар басшысы Жолдаудың әр тармағына жіті тоқталып, тиісті мекеме-ұйым басшыларына Жолдауда айтылған бағыттарға аса көңіл бөліп жүйелі орындауды тапсырды. Дегенмен, атқарлып жатқан жұмыстар аз емес, ауқымын кеңейтіп, жұмыстарды күшейту керектігін айтты.

Жолдауда «Нұрлы жер» бағдарламасының мерзімін де 2025 жылға дейін ұзатуы елдің көңілін марқайтып тастады. «7-20-25» бағдарламасына тың серпін беретіні анық. Дәл осы бағдарлама бойынша қаламызда 5 қабатты 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталған 2019 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал, 2019 – 2021 жылдары тағы 7 үй, 258 пәтер пайдалануға беріледі.

Актив жиынында Жезқазған тарихи-археоглогиялық мұражайының директоры Раушан Қапарова, Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің аға оқытушысы Надежда Дисекенова, «Ютария ЛТД» ЖШС мекемесінің кадр бөлімінің басшысы Алтынай Бейсембаева, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, жас көшбасшы Арман Кенжебек сөз сөйлеп, Жолдау жүктеген міндеттер нағыз жаңашылдық пен жасампаздықтың нышаны деді. Актив барысында Елбасының тың бастамаларының бірде – бір бағыты елеусіз қалған жоқ.

Олай болса, оны орындауға барша жезқазғандықтар немқұрайды қарамай, басты парызым дей отырып, туған қаламыздың өсіп - өркендеп, қарыштап дамуы жолында бірлесе, абыройлы жұмыла еңбек ете берейік.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.