19.10.2018, 12:40

Қоғам белсендісі: «Мұғалімдер білім берудің орнына, көше тазалап, әктеп жүр» (ВИДЕО)

Танымал заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек мұғалімдерге көше тазалатып қойған басшылыққа ашуланды.

Оның айтуынша, Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылының мұғалімдері күн суықта, сабақ уақытында көше әктеп жүрген көрінеді.

«Сарыағаш ауданы «Жібек Жолы» ауылы Амангелді мектебінің мұғалімдері білім берудің орнына көше тазалап, қабырға әктеп жүр. Бүгін сенбі емес сенбілік жасайтындай. Мұғалімдерді малай қылуды қашан тоқтатамыз? Облыстық Білім басқармасының басшысы Сағындықов мырза, мұғалімдер неге жұмыс уақытында көше тазалап жүр? Мұғалімдерді қолжаулық қылуды қашан қоямыз? Болашақта үйлеріңе апарып іш киім жуғызып қоймаңдаршы!», – дейді Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, жақында ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында мұғалімдерді қосымша жұмыстардан босатуды талап еткен болатын. Сондай-ақ, 2019 жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.