$ 449.3  489.69  4.89

Жезқазған университетінің күні аталып өтті

Жезқазған қаласының мақтанышы, аймақтағы маңдайалды жоғары оқу орны, академик Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыров атындағы Жезқазған универсиететі өзінің туған күінін атап өтті.

Іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері, аталған университеттің әкімшілігі мен ұжымы, ардагер ұстаздар мен студенттер қатысты.

Елімізге және бүгінгі қоғам талабына, сұранысына сай білікті мамандар даярлап келе жатқан жоғары оқу ордасының беделі өте зор. Жалғыз Ұлытау-Жезқазған аймағын ғана қамтымай республикамыздың түкпір-түкпірінен, арман арқалап, білім көкжиегін шыңдауға келіп жатқан жастар санында шек жоқ. Жезқазған университеті техникалық және педагогтік білім беру саласында көшбасшы. Оқытушылықпен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының да басын біріктіреді.

Жиналғандарды Жезқазған университетінің ректоры, Қазақ ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, проффессор – Әбділмәлік Тәкішев құттықтап жылы лебізін жеткізді. «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінң жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Ізтөлеу Бекенұлы ізгі тілегін жеткізіп, өңірімізде өткен І халықаралық «Жезкиік» музыка фестивалінде белсенді атсалысқан студенттер мен оқытушыларды Қарағанды облысы әкімі Ерлан Жақанұлы Қошановтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

Аталған білім ордасының ректоры Әбділмәлік Арғынұлы Ректордың 2018 жылдың 4 қазандағы №96 бұйрығына сәйкес, Университеттің қоғамдық жұмысына, қызметтегі міндеттерін адал атқарып келе жатқан оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2018 жылы 7 қыркүйектегі №1499 бұйрығына сәйкес Ерден Ғалымұлы Байқоңыровқа Метталлургия мамандығы бойынша философия PhD докторы дәрежесі берілді. Сонымен қатар университеттің бір топ оқытушылары ректордың «Құрмет грамотасымен» марапатталса, ҚР индустиралды инновациялық мемлекеттік бағдарламаны дамыту бойынша бірнеше профессор-ұстаздар құрамы арнайы сертификаттар иеленді. Кеш барысында универсиеттің І курс студенттеріне салтанатты түрде білім кілті, сутденттік билет пен сынақ кітапшасы тапсырылды. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары