22.10.2018, 17:18

Тәрбие тал бесіктен басталады

Жезқазған қаласы әкімдігі мен №8 гимназия ұжымы «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында рсепубликалық ата-аналар конференциясын өткізді.

Мақсаты: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық тәрбие беру, көмек көрсету. Мекеп мұғалімі мен ата –ана, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың бос уақытын тиімді өткізу,

Жасыратыны жоқ, көп ата-ана мектепке келген басына тек білім ордасы мен мұғалімдер жауапты деп ұғады. Бұл ұстыным дұрыс емес. Бала тәрбиесін, бар міндетті мұғалімдердің мойына артып, жүктеп қоймай бірлесе жұмыс жасау керек.

Аталған конференцияға ата-аналар, Жезқазған қаласы білім бөлімінің басшысы Ж.Е.Әльмағанбетов, Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Б. Мырзабекова, қалалық маслихат депутаты Х.Ы.Бөлен, Жезқазған қаласы IIБ ЖПҚ бастығы полиция полковнигі А.Б.Кәрімов қатысты. Конференцияны қаламызадғы қарашаңырақ №8 гимназия директоры С.Т.Әбдікерова ашып, жүргізіп отырды. Арнайы шақырылған қонақтар бала тәрбиесіне жан – жақты түсінік беріп, елімізде жасалып жатқан жаңа бағдарламалар мен білім жүйесіндегі жаңашылықтарға тоқталды. Гимназия психологы И.К.Жарасова оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты дайындалған бейне роликтерімен ата-аналардың бала тәрбиесінде қолданатын ережелермен таныстырып, компьютерге тәуелділіктің себептерін оның алдын алу жолдары туралы кеңінен тоқталап айтып берді.

Отбасы тәрбиесіндегі жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына себепші болуы мүмкін қателіктерге тоқталды, оның алдын алу және болдырмау шаралары туралы мағұлмат берді. Отбасылық құндылықтарды нығайтуда ата-ананың міндеттерімен таныстырды. Конференеция соңында ата-аналардан сауалнама алынып, өткізілген іс-шараға оң пікірлерін білдіріп, бала тәрбиесіне байланысты өз ойларын ортаға салды. Ата – аналар осындай берері көп іс-шараларды жиі ұйымдастыру керек екеін айтып, ризашылықпен тарқасты

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.