22.10.2018, 17:56

Жезқазғандағы музейде Елбасы жолдауы талқыланды

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Елбасының 5 қазанда Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиынды ашып, жүргізген музейдің ғылыми қызметкері Еркебұлан Камалиев биылғы жолдау халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтерудегі, бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудағы, жастарға сапалы білім берудегі маңызы мен мәнін атап өтті. Сондай-ақ, Еркебұлан Елбасының 2019 жылды жастардың жылы деп бекітуі жас буын өкілдеріне үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

Мұражай басшысы Раушан Қапарова өз баяндамасында жолдауда Елбасының жастарға ерекше көңіл бөлгенін, келер жылды жастар жылы деп атауды ұсынғанын және Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының бағыттары мен әлеуеті жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, жиында биылғы жылғы Мемлекет басшысының ұстаздар статусын көтеруге, білімнің «салтанат құруына» мән берілгені сөз болды. Сонымен қатар, Раушан Оңқонысқызы Жолдау аясындажұмыстарды жұдырықтай жұмылып, бірлесіп атқаруға шақырды.

Музейдің бас қор сақтаушысы Рәзия Ибраева тарихи құжаттың әр бөліміне тоқталып, өз ойын жеткізді. Оның айтуынша, білім, денсаулық сақтау салаларының «қағазсыз» форматқа көшіп жатқаны қызметкерлерге артылған жүктемені жеңілдетіп, жұмыстың алға жылжуына септеседі. Осы орайда, музей қорында бар жәдігерлерді электронды жүйеге енгізу процессі жүріп жатқанын жеткізді маман. Бұл өз кезегінде сандық экскурсия жасауға үмкіндік береді.

Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады.

Арайлым ЕРҚОҢЫРОВА

Суретті түсірген Ғалия ӘБДІҒАППАРОВА

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.