$ 449.58  486.94  4.86

Ауылда мүшеқап сатып алуға ұялатын жігіттер сақтанудың жаңа тәсіліне көшкен (ВИДЕО)

«Ауылдың жігіттері мүшеқап сатып алуға ұялады. Өсекке қалмау үшін отбасын құрмаған ерлер сақтанудың жаңа тәсілін ойлап тапқан». Осылай деген Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айгерім Болат есімді бойжеткен ауылдық жерге мүшеқап сататын терминал орнатуды ұсынып отыр.

Айгерімнің айтуынша, 4 көшесі бар ауылда бәрі бір-бірін жақсы таниды. Қыз бен жігіт боп жүретіндерді әке-шешелеріне дейін біледі екен.

«Бірінде Гуля әпке сатады, екіншісінде Айгүл әпке. Жігіттер олардан мүшеқап сатып ала алмайды. Себебі оны барлық ауыл білетін болады. Кейбірі жазда қалаға барып, көп қып әкеледі. Ал қыста қалаға қатынау қиын. Амал жоқ тығырықтан шығудың жолын полиэтилен пакеті арқылы тапқан», - дейді ол.

Айгерім ауылда мүшеқаптың айтарлықтай үлкен мәселе екенін бұған дейін ойламапты.

«Ауылда тойға дейін жыныстық қатынасқа түсу ұят нәрсе. Қыз бен жігіт жақын қарым-қатынасқа түспейтіндей жүреді. Бірақ түсік жасататындар көп», - деген ол арнайы терминал орнатудың уақыты келгенін айтады.

Айгерім бұл сөзін 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында да ашық айтып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары