$ 444.32  473.33  4.76

Шаттыққа толы мереке

Әр ата-ана үшін баласының алғашқы кішкентай жетістіктері мен жеңістерін көру үлкен бақыт. №13 «Ертөстік» балабақшасында «Бәйшешек» тобының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ұсынған «Келді міне, алтын күз» атты мерекелік бағдарламасы жиналған ата-аналар қауымына осындай бақытты сыйлап, шаттыққа бөледі.

Бір оқу жылын артта тастаған бүлдіршіндер есейіп, бой түзегені байқалады. Тілдері де жаттығып, сахна мәдениетіне бейімделген. Топтың тәрбиешілері Мейрамкүл Бектұрқызы мен Ботакөз Әшімқызы балақайларды қабілетін ұштай түскені қуантты. Негізінен «бәйшешектіктердің» барлығы әнге де, биге де, мәнерлеп өлең оқуға да бар. Бесаспап балақайлардың биылғы киім үлгісі ерекшеленді. Қыздар жағы сары және қызғылт сары бүрмелі көйлек кисе, ұлдар сары галстук тағынып, шалбарларын қырлаған.

«Бәйшешек» тобының қыздары «Қырманға кел» әнінің ырғағына мың бұрала билесе, ұлдар заманауи «Кокочамбо» биін орындап, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді. Балаларды сергіту әрі олардың балабақшада алған білімдерін пысықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойыны ойнатылды. Ойын шарты бойынша екі топқа бөлінген ұл-қыздар жүк көлігімен тау боп үйілген көкініс пен жемістерге жетіп, бірі тек көкөніс, енді бірі тек жемісті жүк салғышқа тиеуі қажет болды. Екі топ та берілген тапсырманы еш мүдірместен әрі жылдам орындап шықты. Бұдан кейін балғындар молшылық пен берекесін ала келетін күз мезгіліне арнап жаттаған өлеңдерін айтты.

Ересектер тобына ауысқан «Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілері 2018-2019 оқу жылында тіл үйренуге бет бұрған. Олар орыс тілімен қатар ағылшын тілімен танысуда. Таңертеңгілікте Айзере, Аян, Әлижан мен Алияр орысша, Қайсар мен Айару ағылшын тілінде өлең айтып, көпті тамсантты. Әрі тіл үйренуге деген қарым-қабілеттері барын көрсетті.

Балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүретін ата-аналар бұл жолы да қарап қалмады. «Күз байлықтары» деп аталған қолөнер көрмесіне көкөніс пен жеміс-жидектерден, ағаш бұтақтары мен жапырақтардан, дақылдар мен гүлдерден жасалған түрлі туындыларын әкелді. Бауыр еті балапандарының өнерін тамашалап, бір қуанып қалған ата-аналар балабақша ұжымы мен тәрбиеші апйларға ризашылығын білдіріп, тарқасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары