$ 448.15  483.46  4.86

Жезқазғанда «Мектеп асханалары» жобасы аясында рейдтік тексерулер жүрді

«Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының ұйымдастыруымен партиялық «Мектеп асханалары» жобасы аясында арнайы топ мектеп асханаларына рейд жасады. Қалалық «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Майханова, қалалық мәслихат депутаты Хансейіт Бөлен, «Жезказганский вестник» газетінің бас редакоры Эльвира Аланбаева қаламыздағы бір қатар білім ордаларында болып, асхана жұмыстарына қанық боп қайтты.

Бұл бастама 2018 жылы 23 қазанында Жезқазған қалалық мәслихатының фракция депутаттарымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен мақұлданған болатын. Нұротандықтар «Мектеп асханалары» партиялық жобасы шеңберінде қаламыздағы №1 жалпы орта білім беретін мектебіне рейд жүргізілді. Бүгінгі таңда мектеп асханасында жалпы білім беру қорынан 90 оқушы, жалға алушы «Байтасова» жеке кәсіпкері қорынан 30 оқушы, жалпы 120 бала тегін тамақтануда.

Мектеп асханасының жұмысын әлеуметтік қызметкер, медицина қызметкерілері және оқу ісі меңгерушілері бақылауда ұстайды. Күніне 3 мезгіл ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бір баланың тамақтануына жалпы білім беру қорынан 345 теңге бөлінген. Асханада «Ас жүрген жер - береке» атты арнайы анықтама бұрышы бар. Мұнда ағымдағы оқу жылындағы тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасын бақылауға арналған комиссияның жұмыс жоспарымен, әкімшілік және медицина қызметкерлерінің кезекшілік кестесімен, сондай-ақ бекітілген асхана мәзірімен таныса аласыздар. Балаларға таңғы асқа ет қосылған арпа ботқасымен нан, қызылша салаты және «Нәтиже» фирмасының айраны дайындалып жатты. Сонымен қатар бірінші және екіншіге ұсынылатын тағамдар күн сайын кезегімен ауысып отыратындығын айтты. Рейд кезінде комиссия мүшелері медбикеге балаларға тамақтарды үлестірмес бұрын, ыстық тағамның үлгісін алуды ұсынды. Ас сақталатын блокта ет пен сүт өнімдері тоңазытқыш пен мұздатқышта бөлек сақталады. Бас аспазбен әңгімелесу барысында аптасына 10 кг ет сатып алынатындығын білдік. Сұраныс бойынша еттің ветеринарлық анықтамасы көрсетілді. Асханада балалардың су ішу орны ұйымдастырылған. Судың температурасы тексеріліп тұрады. Асхана мен азық-түлік бөлмелері таза және ыңғайлы. Асхана жұмыстары жалпы арнайы комиссияның көңілінен шықты.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары