Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

27.10.2018, 16:41

Шымкенттегі ең дәмді палауды 13 жастағы жеткіншек пісірді (ФОТО)

Шымкентте өткен палау фестивалінде 13 жастағы мектеп оқушысы жеңімпаз атанды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылған "Қазақстан палауы" атты фестивальге тек қана Шымкент емес, алыс-жақын аудандардың да кіл мықты аспаздары бақ сынады. Отыздан астам қатысушы таңертең қазандарын қаланың шет жағында орналасқан тойханаға көтеріп келіп, додада сынасуға білек сыбана кірісіп кетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі палау шарасына қатысушылар тарапы биыл ерекше қызығушылықтарын танытыпты. Ең ерекшесі, биылғы сында мектеп оқушысынан бастап 70 жастағы қарияға дейін аспаздық шеберлігін танытқан. Бағын сынаушы барлық аспаз ер азаматтар.

"Қазақстан палауы" шарасында бақ сынаған аспаздар палаудың 18 түрін дайындады. Шараға келген кез келген жан астан ауыз тиіп, тіпті өздерімен бірге алып кетуіне мүмкіндік болды. Бәрі тегін. Ұйымдастырушылар бұл шара халық үшін жасалынып отырғандықтан елдің ризашылығы бірінші кезекте дегенді алға тартты.

Фестивальде көпшілікке ұсынылған астың дәмділігін анықтау үшін арнайы комиссия да құрылған. Бес адамнан тұратын бұл комиссияның арасында кәсіби аспаздар да бар. Сонымен, фестиваль қорытындысы бойынша 13 жастағы шымкенттік оқушы Бабамұрат Абдурахманов әзірлеген палау ең үздік деп танылды.

Фото: Nur.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.