$ 443.85  474.3  4.8

«Байдың балалары»: Ақтауда қымбат көлік мінген жастар жол ережесін өрескел бұзды (ВИДЕО)

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған бірнеше автокөлікті жергілікті тұрғындардың бірі видеокамераға түсіріп алған деп жазады "Лада" порталы.

Оқиға 26 қазан күні кешке болған. Видеокадрлардан қымбат автокөліктердің жолды кес-кестеп жүргенін, тіпті қарсы бағытқа қайта-қайта шыққанын анық көруге болады. Автомашиналардың терезесінен бастарын шығарған жастар ысқырып, айғайлап, жұрттың мазасын қашырғаны да камера объективіне түсіп қалған.

Бұл жастарға полиция шара қолданады ма, әлде көз жұма қарайды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Белгілісі, видеороликте ереже бұзған автокөліктердің бірінің номеры анық көрінеді. Яғни, иелерін іздеп табамын десе полицейлерге түк емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #видео