$ 445.66  474.58  4.78

Жезқазған қаласының әкімі шарушалық нысандарының жұмысымен танысты

Сонымен, мыс шаһарының басшысы Қайрат Баяндыұлы Бегімов ірге тасы 1936 жылы қаланған, кезінде атағы жер жарып, мәшһүр болған «Ботаникалық баққа» ат басын тіреді.

Бүгінде бұл бақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитеттінің «Ботаника және фитоинтрадукция институты» ШЖҚ РМК-на қарасты. Филиалдың директоры Жанғозы Нәшенов бірқатар проблемалады алға тартты.

Мәселен, мықты кадр мәселесінен бастап 1939 – 1940 жылдары салынға ғимаратты көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер. Осы сияқты ғылыми қызметкерлер, суару жүйесі, жылыжайлар, қоршаулары тағысын тағы. Қала әкімі ол мәселерді ретімен шешілуіне қолдау жасайтынын айтты.

Аталған бақта 15 адам жұмыс істейді. Коллекция қоры 1377 түрді құрайды. 2005 жылы Үкіметтің арнайы қаулысымен ерекше қорғалатын табиғы аймақ мәртебесі берілген. Бұл бақта қазақстандық және әлемдік флора өсімдіктерін бейімдеу саласында ғылыми зеттеу және өндірістік-шаруашылық қызмет атқарып келеді. Бақта дәрілік, сирек кездесетін декоративті, жойылып бара жатқан, қызыл кітапқа енген өсімдіктерді еліміздің табиғатына бейімдеумен айналысады.

Сондай-ақ, туған қаламыздың өнеркәсіптік аймағын көгалдандыруға қажет өсімдік ассортименттерін дайындаумен шұғылданады. Қала әкімі Қайрат Баяндыұлы қала аймағын жасыл желекке айналдыру, сонымен қатар «Жасыл белдеу» құру бойынша нақты жоспар мен ұсыныстарын тез арада әзірлеп әкелуді тапсырды.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары