$ 449.58  486.94  4.86

Халықты әлеуметтік қорғау саласының саңлақтары марапатталды

Елбасының Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып бекітілген. Бұл мереке 2015 жылдан бастап Жезқазғанда да да кең көлемде тиісті деңгейді аталып өтіп келеді.

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні азаматтарды қолдау және оларға көмек көрсетумен айналысатын, өзгенің мұң-мұқтажына аса мейірімділікпен қарайтын, білікті мамандардың кәсіби мерекесі. Елбасы айтқандай, халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдау әрі қорғау азаматтық парызымыз.

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан қарттар мен аз қамтылған отбасыларды, мүгедектер мен балаларды қорғаудың нақты жүйесі қалыптасқан елміз. Осы жолда халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан сала қызметкерлерінің еңбектері ұшан-теңіз. Шындығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі аса ауқымды. Олардың еселі еңбегі арқасында өмірлік қиын жағдайға тап болған талай жанның мәселесі шешіліп келеді. Олар дүниеге келген сәбиден бастап қазыналы қарияларға дейін қамқорлық көрсетіп, өз қызметтерін адалдықпен атқарып келеді.

Бүгінде қаламызда бұл бағытта түрлі салалық бағдарламалар бойынша кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Кәсіби айтулы мерекеге орай «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, Жезқазған қалалық «Нұр Отан» партия филиалының Саяси кеңес мүшесі Хамзат Абдуллаұлы Жаналин аталған мекеменің бір топ үлгілі қызметкерлерін қабылдады.

Өте жауапты саланың ауыр жүгін қиынсынбай, жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан Гүлнәр Тусупова, Күміс Журманова, Жанат Досетова, Рысалды Садуақасова, Ләззат Бәйкенова, Жанна Құрманбаева, Жанар Шайхинова сынды майталман мамандар Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мекеме басшысы Хамзат Абдуллаұлы барша қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасының шексіз шаттығын, абыройлы еңбек тіледі.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары