Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

30.10.2018, 10:47

Қыз болуды армандаған алматылық жігіт, жыныс мүшесін алдыртқысы келген

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында пластикалық ота жасап жүрген хирург Ибрагим Браловқа жыныс алмастыруға қатысты өтінішпен келгендер бар. Бірнеше жылдан бері пластикалық хирургиямен айналысып келе жатқан дәрігер өзінен «қызтекелердің» де көмек сұрайтынын жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

«Менің тәжірибемде ондай оқиғалар болды. Өтініш айтып, бір-екі адам келген шығар. Ол адамдармен әңгімелесіп, тек өзіне сенімді болуға кеңес береміз. Себебі біз ондай оталар жасамаймыз, оған аппараттарымыз да жоқ. Иә, екі жігіт келді. Сырт қарағанда өте сымбатты, еш күдік туғызбайды. Оның бірі Алматыдан, екіншісі Ресейден. Қателеспесем алматылық жігіт 24 жаста, Ұзақ сөйлестім. Ойынан айнытуға тырыстым. Екіншісі Ресейден келді. Ол 30 жастан асқан ер адам», – дейді дәрігер Ибрагим Бралов.

Дәрігер жыныс мүшесін өзгертетіндердің қалған өмірі мүгедектің тірлігінен кем болмайтынын жасырған жоқ.

«Әр адамның өз құпиясы болады. Ол көп ашыла бермеуі де мүмкін. Өз көршіміз туралы да ештеңе білмей жатамыз. Ондай қадамға барған адамдар өмір бойына гормонмен отыратын болады. Үлкен көлемдегі гормондар керек болады. Мен мұндай оталарды қолдамаймын. Маған адамдарға сұлулық сыйлаған ұнайды. Жаңағыдай өтініш жасады екен деп адамдарды мүгедек қылуға келіспеймін», – дейді Бралов.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.