$ 449.58  486.94  4.86

Бала бақыты – бәрінен асқақ

Қабден Шығысов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінде Қамқоршылар күніне арналған «Отбасым - менің бақытым!» атты шара ұйымдастырылды.

«Қамқоршы күні» мерекесін өткізу Қазақстан тарихында қамқоршылар мен олардың отбасында ата-ана жылуын тапқан жетім балалар үшін алғашқы қайырымдылық шара болып табылады. Бұл ішараның басты мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мектеп басшысы Бекзат Құланбаева жетім балаларға қамқоршы болып жүрген ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жауапты істі қолға алған оларға алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Шара барысында отбасылық фотаколаж ұсынылып, «Отбасым - аялы алақан мекенім» атты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, кездесу мектептің талантты өнерпаздары дайындаған мерекелік концертпен айшықтала түсті. Көпшілік назарына бес саусағынан өнер тамған жас қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылды.

Қамқорлықсыз қалған балаларды өзекке теппей бауырына тартқан жандардың мәртебесін арттырып, оларға демеу көрсетуді көздеген шара өз мақсатына жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары