$ 447.4  477.55  4.76

Әйел екі жыл бойы қызын жүк салғышта қамап келген

Франциядағы Тюль қаласының 50 жастағы тұрғыны өз қызын жүк салғышта қамап келген деп жазады ВВС.

Баланың денсаулығына кінәрат келтіргені үшін әйел 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 50 жастағы Роза Мария Круз азаматтық күйеуі мен үш баласынан сәбиді жасырып келіпті.

Баланы 2013 жылы әйелдің көлігін жөндеуге келген механик гараждағы жүк салғыштан тауып алған. Артынша әйелді күтіп, оның өзіне айтыпты. Алайда, Роза Мария бұған таңырқамаған кейіп танытқан. Осыдан кейін механик полиция қызметкеріне хабарласыпты.

Әйел қызын 2011 жылы дүниеге алып келген. Содан бері ол сәбиді гаражда асыраған. Мұны естіген көршілері де әйелдің жүкті болғаны мен қыз босанғанынан хабарсыз екендіктерін жеткізді.

Қазіргі уақытта қыздың жасы жетіде. Ол асырап алған ата-анасымен бірге тұрады. Ал туған әкесі болса, әйелінің қызын жасырып келгені туралы білмегенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары