$ 448.89  477.93  4.76

«Жаңа жылға дайындық»: Шымкентке салмағы 1 тоннаға жуық алып шырша орнатылды

Шымкенттегі әл-Фараби алаңында Жаңа жылдың басты нышаны - жасыл шырша безендіріліп жатыр. Оның маңайында мерекелік жәрмеңке де ұйымдастырылған. Шыршаға қажетті барлық ойыншықтарды сатып алып жатқандар көп деп жазады Otyrar.kz.

Жаңажылдық шыршаның биіктігі 15 метрді құрайды. Ол жүздеген жарық шамдар және ойыншықтармен безендірілмек. Ал, шыршаның өзі болса өте үлкен, оның салмағы 1 тоннаға жуық.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, биыл жаңажылдық шырша желтоқсанның екінші жартысында жағылады. Биыл әкімдік жаңа шырша сатып алған. Безендіруге қажетті ойыншықтар да су жаңа. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары