Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


02.01.2019, 11:44

«Сөзім жоқ!»: Димаш Құдайбергеннің шетелдік тыңдармандары қазақстандықтарға өтініш айтты (ВИДЕО)

Димаш Құдайберген «Олимпийский»  кешенінің сахнасында тұрып Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Шаршаған аққулардың махаббаты»  атты әнді орындады. Талантты қазақстандықтың тыңдармандары тағы да оны гүлдің астында қалдырды деп жазады Sputniknews.kz.

Концерт желтоқсан айының басында түсірілген болатын. Ал телеарнадан 1 қаңтарда көрсетілді.

«Шаршаған аққулардың махаббаты»  атты туындының сөзін Михаил Гуцериев, ал әнін Игорь Крутой жазған. Алғаш рет Димаш бұл әнді 10 қараша күні Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлері күніне орай Кремль сарайында өткен концертте шырқады.

Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары видеоның астына қазақ әншісінің талантына қайран қалғандарын жарыса жазып жатыр. Сондай-ақ, олар қазақстандықтарды Димаштай талантты бағалауға шақырды. 

«Димаш, сіз генисіз! Сіздің орындауыңыздағы тағы бір шедевр. Мереке күндері керемет көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін рахмет», «Браво! Таңғажайып Димаш! Отбасымызбен жиылып күттік. Дауысыңыз жүрегімізді тебірентті», «Айтарға сөзім жоқ! Тек үнсіз тыңдау керек», «Қазақ әнді жақсы айтатын халық. Сол себепті ол жерде мұндай таланттардың дүниеге келуі орынды. Құдай секілді», «Қазақстандықтар ұлдарыңызды бағалаңыздар! Алла жамандықтан сақтасын», «Димаш тек Қазақстанның мақтанышы емес. Беларусь елі де онымен мақтанады», «Мұндай талантты бағалау керек» деп жазды желі қолданушылары.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.