09.01.2019, 11:56

Астаналық бойжеткен стриптизер шақырып, жігітіне ұсталып қалған

Астаналық ару той алдында қызойнаққа биші жігіттерді шақырамын деп опық жеп қалды. Қалыңдығының әлгіндей әрекетін білген сүйіктісі, оған құрбыларының көзінше қол көтеріп, кештің шырқын бұзған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызойнақ ұйымдастыруға жиі тапсырыс беретін астаналық арулар бұл жолы да кешті ерекше өткізу жағынан алдына жан салмаған. Олар кешке биші жігіттерді шақырып, көңіл көтерген.

«Бізге келіп түсетін көп тапсырыстардың бірі – қызойнақ ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін кейде залды безендіріп, тіпті, суретке түсіру қабырғасын да әзірлеп жатамыз. Сондай-ақ, кешке биші жігіттерді шақыртатын қыздар да аз емес.

Өкініштісі, кейбір жағдайларда мұндай кештің соңы айғай-шумен аяқталып жатады. Мысалы, қызойнаққа биші жігіттерді шақырғаны үшін, қалыңдығын шапалақпен тартып, құрбыларының көзінше балағаттаған жағдайды өз көзімізбен көрдік. Өте өкінішті әрине, бірақ арулардың осындай «еркелігін» кейбір жігіттер көтере бермейді.

Меніңше кешке би билейтін жігіттерді шақырудын еш әбестігі жоқ. Тек артық кетпеу керек», – дейді елордадағы кеш ұйымдастыру агенттіктерінің бірінің өкілі.

Сондай-ақ ол жігіттердің де той алдында арнайы кеш ұйымдастыратынын айтты.

«Жалғыз қыздар ғана емес, жігіттер де мұндай кеш ұйымдастырып жатады. Олар да биші қыздардың өнерін тамашалап жатады. Ол жай би немесе қандай да бір қойылым болуы мүмкін. Мұндай кештерден секем алып қажет емес деп санаймын.

Кеш ұйымдастыру агенттігінің өкілі ретінде айтарым, керісінше, кім де болсын той алдында осындай кешке қатысқаны дұрыс. Сүйген адамына сенімді болса, барлық қиындықтарға төтеп беруге болады. Бәрі тек сенімге байланысты», – дейді Астанадағы Event агенттіктері өкілінің бірі.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.