$ 447.4  477.55  4.76

Сириядан 47 қазақстандық елге оралды: Назарбаев мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан шығару үшін гуманитарлық операцияның аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық операция барысында Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала елге жеткізілді. Олар  лаңкестердің қолында болған», – дейді Президент.

Елбасы оралғандардың барлығы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілетінін де айтты. 

«Осындай қиын жағдайға тап болғандардың қуанышында шек жоқ. Бір айдан соң олар ортаға бейімделіп, қажетті медициналық көмеке де ие бола алады», – дейді Назарбаев. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары