$ 447.4  477.55  4.76

«Бай шал емес»: Байзақова баласының әкесі жайлы айтты

Атышулы Айжан Байзақова Аман Тасығанның «Talk Like» бағдарламасында ұлының әкесі жайлы айтты. 

Кейде Айжанның көршілерінің өзі туыстары арқылы баланың әкесі кім екенін білгісі келеді екен. Бірақ оның бәріне берер жауабы біреу ғана.  

«Ол өте қарапайым жігіт. Жұрт ойлап жүрген «ағашка» немесе «бай шал» емес. Саясаткер де емес. Ол өзім сияқты қарапайым адам.

Жақсы көремін. Әйелі жоқ. Өйткені, мен біреудің отбасын бұзатын адам емеспін. Сондықтан «ағашкадан» бала тумадым. Мен өзімді өте еркін сезінетін адаммын», - деді Байзақова.

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова желтоқсан айында ұл баланы дүниеге әкелген. Ол былтыр «Zakova» клубындағы шудан кейін көпке теріс қылығымен танылып кетті. 

2017 жылдың желтоқсанында  Алматы қаласындағы Алмалы аудындық соты Байзақованы әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқаны үшін үш күнге қамауға алған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары