$ 448.15  483.46  4.86

«Намаз оқиды деп сеніп қалдық»: Ақтөбеде діндар жігіт кәсіпкерлерді алдап-соққан

Бірнеше кәсіпкер ақтөбелік діндар жігітке алданып қалғанын айтады. Өздері де намаз оқитын болған соң, олар діни көзқарастағы ер адамнан алаяқтық күтпеген екен деп жазады Аktobetimes.kz

49 жастағы Маркс Қалымбетов, 25 жастағы Темірлан Ізғалиев және 26 жастағы Эмира Ізғалиева үшеуі 11 кәсіпкерден белгілі суммада ақша алған. Барлығын қосқанда – 500 миллион теңге.

«Ізғалиев Темірлан әкесі және әпкесімен бірге Қытайдан алып келген телефондарды Алматыдан Ақтөбеге әкеліп арзан бағада сатамыз деп айтты. Ал бізге сол телефондар сатылып біткен соң, ақшаларымызды қайтарып береміз деген», – дейді жәбірленуші сотта.

Әйелдерге арналған көйлектерді сатумен айналысатын Алматы тұрғыны алаяқтарға 7 миллион теңгені құрайтын астындағы «Тойота-Камри» көлігін де бере салған. Кеткен шығынның бәрін қосқанда – 200 миллион теңгені құрайды екен.

Ал Қандыағашта тұратын кәсіпкер 157 миллион теңгесінен айырылып қалған. Ақтөбелік бизнесмен болса, алаяқтарға 180 миллион теңгесін бере салыпты.  Ал қалған жәбірленушілер 5 және 89 миллион теңгеге дейінгі ақшаларын сеніп тапсырған. Алайда, олардың ешқайсысы қарыздарын қайтара алмай отырғандарын айтады.

Бірақ, күдіктілер өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Темірланның анасы Қалымбетова Гүлжамал олар ұлын қорқытып, мойнына қарыз іліп тастағанын алға тартты.

«Олар біздің сауда орнымызды тартып алып, қызымды зорлаймыз деп қорқытты. Бірде үйге 40 ер адам келіп, ұлыммен көшеде сөйлесті. Олар да ұлым секілді намазхан жігіттер. Бұл жақта біздің ешкіміміз жоқ. Сол себептен арыз жазуға қорықтық. Баламды олар бай деп ойлап қалған болу керек. Өйткені оның өз бизнесі бар. Өткен жылы ұлым Меккеге кеткен уақытта оның жұмысымен қызым мен күйеуім айналысқан болатын. Сол үшін енді олар тек ұлымды ғана емес, бір отбасын алаяқ деп айыптап отыр», – деп жылады Гүлжамал Қалымбетова.

Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары