$ 448.15  483.46  4.86

Оралда батыр ана жеті баласымен таракан қаптаған сыз үйде тұрып жатыр

32 жастағы Гүлшат Байғұттиева жеті баласымен Локоматив саяжай қауымтастығында таракан қаптаған сыз үйде тұрып жатыр деп жазады «Мой город».

Әйелдің айтуынша, бұл баспананы ертеректе Орал әкімі паналауға берген екен.

«Бұдан бұрын біз Мясокомбинат ауданында пәтер жалдап тұратынбыз. Ұлымның мүгедектігі үшін бізге тіркеу қажет болды. Сол уақытта қала әкімі осы үйді берген болатын. Бірақ үйдің шатырынан су ағады, дымқыл, таракан да өріп жүр. Үйдің кезегіне 2012 жылы тіркеліп қойғанмын», – дейді Гүлшат Байғұттиева.

Жеті баланың үшеуі әйелдің бірінші некесінен туған. Олардың әкесі жұмыссыз болғандықтан алимент төлемейді екен.

«Үш баланың әкесі алимент төлемейді. Ал, қазіргі күйеуім жүк тасушы болып жұмыс істейді. Өзім жақында санитар боп жұмысқа орналастым. Үлкен қызым 15 жаста. Кішкентай кезінде күйік алған. Ол әлі күнге дейін хирургтың тіркеуінде тұр. Ал ұлым Ернұр 8-сыныпта оқиды. Одан кейінгі 8 жасар Сұлтан талма ауруымен ауырады, мектепке бармайды. Үйде оқытып жатырмыз. 5 жасар қызым дайындық тобына, ал 4-тегі Бекзат балабақшаға барады. Одан кейінгі 2 жасар Жангүлім мен 10 айлық Бейбарыс үйде бронхитпен ауырып жатыр», – дейді көпбалалы ана.

Мемлекеттен отбасы ешқандай әлеуметтік көмек алмайды. Өйткені жағдайы орташа отбасының санатына жатқызылады екен. Әйелдің айтуынша, сыз татқан үйден балалар жиі ауырады. Тапқан табыс солардың дәрі-дәрмектеріне кететін көрінеді. Таракан қаптаған, әрі суық үйден шаршаған отбасы мемлекеттен қалаға жақын, әрі өмір сүруге қолайлы баспана сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары