$ 446.49  475.38  4.79

Үндістанда сәбидің бойында жын бар деп ата-анасы тірідей көміп тастады

Үндістанның Шахджаханпур қаласында ата-анасы дін қызметкерінің талабы бойынша тірідей жерлеп тастаған нәресте құтқарылды.

Дін қызметкері туылғанына 20 күн ғана болған нәрестенің бойында жын барын айтып сендірген. Оның сөзінше, нәресте отбасының өмірін құртады екен. Мұнан кейін шошынып қалған ата-анасы туған қызын тірідей жерлеуді ұйғарады. Отанасының әпкесі сәбиді тоғанға апарып, көміп тастаған деп жазады Daily Mail басылымы. 

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін сол маңнан өтіп бара жатқан адам нәрестенің жылаған даусын естіген. Ол дауыс шыққан жерді тездетіп тауып, сәбиді құтқарып алды.

«Сондай қатігездік. Мұндай суықта сәбиді қалай тастап кетуге болады?», – дейді ер адам.

Қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты.

Ал дін қызметкері, сәбидің әкесі мен анасының әпкесі тұтқындалды. Ал анасы жасырынып үлгерген. Ол іздестірілуде.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары