$ 448.15  483.46  4.86

Баланы ешкім іздемеген: Қарағандыда мектептің жоғарғы қабатынан құлап қалған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда №77 орта мектептің жоғарғы қабатынан құлап қалған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қыз баланың құлап қалғанынан мұғалімдердің хабары болмаған, іздемеген де. Мектеп ауласында жатқан оқушыны ата-аналардың бірі көріп қалған. 

Сынып жетекшісі, мектеп директоры мен орынбасары бала құлап қалғанда қайда болғандары жайлы полицияға түсінік беріп жатыр. Сондай-ақ бірінші қабатта оқитын оқушының неге жоғарғы қабатта жүргені де анықталуда. 

«ҚР ҚК-нің 141-бабы («Балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, қызметтік бабы бойынша салғырт қарау және баланың өліміне алып келетін жағдайлар») бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 29 қаңтар күні  №77 орта мектептің жоғарғы қабатынан 6 жасар қыз баланың құлап кеткені хабарланған. Оқушы қазір ауруханада. 

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары