Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


04.02.2019, 15:14

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылдың 5-7 ақпан аралығына ауа райы болжамы жарияланды деп жазады Sputniknews.kz.

Қазгидромет хабарлағандай, Жайық өңірінен келген атмосфералық фронттар мен Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклон салдарынан қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ болады.

Содан соң елімізге Карск теңізінен антициклон келіп, арктикалық ауа ағыны салдарынан солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 35…45°С қатты аяз болады. Тіпті оңтүстік өңірлерде де күн суытып, кей жерде 22…30 градусқа дейін нөлден төмендейді.

Астана, Алматы, Шымкенттегі ауа райы

Gismeteo порталының мәліметіне сүйенсек, 5 ақпанда елордамызда ауа температурасы түнде -18 градус болып, қар жауады, күндіз -26 градусқа дейін төмендейді. Алматыда түнде -2 градус болса, күндіз керісінше +2 градус жылы болады. Шымкентте түнде 5 градус жылы болса, күндіз сынап бағанасы +4 градусты көрсетеді.

6 ақпанда Астанада түнде -31 градус, күндіз де аяздың беті қайтпай, -29 градусты көрсетеді. Алматыда түнде -2 градус болып, қар қалың жауады, күндіз сынап бағанасы 7 градус нөлден төмендейді. Шымкентте түнде -1 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0 градус болады.

7 ақпанда бас қаламыз Астанада түннен бастап аяз күшейіп, таңертең -38 градусқа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы – 28 градус аяз. Алматыда түнде -16 градус болса, күндіз температура сәл жоғарылап, сынап бағанасы -9 градусты көрсетеді. Шымкентте ауа температурасы түнде – 4 градус суық, күндіз – 0 градус.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.