$ 443.85  474.3  4.8

Астанада өрттен көз жұмған 5 қыз баланың жерлеу рәсімі қай жерде өтеді?

Астанада өрттен көз жұмған 5 қыз баланың жерлеу рәсімі мен жаназа асының қай жерде өтетіні белгілі болды деп жазады Sputniknews.kz.

«Құрметті тұрғындар, 5 ақпан күні Тілендиев көшесі 29/1-де орналасқан «Көктал» мейрамханасында өрттен қаза тапқан 5 қыз баланың жерлеу рәсімі мен жаназа асы өтеді», –  деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары