$ 448.15  483.46  4.86

Атырау облысындағы теңіз кенішінде жұмысшылар уланып қалды

Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Атырау облысындағы Теңіз кенішін игерумен айналысатын «Теңізшевройл» бірлескен мұнай-газ кәсіпорны мердігері «ЮлмарСервиз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 25 жұмысшысы улану белгісімен ауруханаға түскен деп хабарлайды жергілікті «Ақ Жайық» басылымы.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер тұратын Теңіз кентінде 8 ақпанда кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезінген жұмысшылар Құлсары аудандық ауруханасына жеткізілген. Мекеменің бас дәрігері Зылиха Құлғазиева ауруханаға жатқызылған төрт адамның денсаулық жағдайы тұрақты екенін айтады. Дәрігерлер өзге адамдарды амбулаторлық ем алуға жіберген.

Жұмысшылардың неден уланғанын анықтау мақсатында сараптама тағайындалған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары