$ 448.89  477.93  4.76

Семейдегі әуежайға Мұхтар Әуезовтің есімі берілмек

Семей әуежайына ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілуі мүмкін. Тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Даниал Ахметов осындай бастама көтерді деп хабарлады КТК телеарнасы.

"Семей - еліміздегі ең рухани-мәдени орталықтардың бірі. Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы адамдар осындай киелі жерде дүниеге келген. Олардың әрбірінің есімі бәріміз үшін де құнды", - деді Даниял Ахметов.

Бүгінде шаһарда Абай және Шәкәрім атындағы көшелермен бірге, Абай атындағы театр және Шәкәрім университеті бар. Енді «Абай Жолы» роман-эпопеясымен қазақты күллі әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтың есімі әужайға берілуі заңдылық деп отыр. Ал, биыл әуежайдың іргетасы қаланғанына 36 жыл. Қазір ол халықаралық азаматтық авиация ұйымының «В» санатындағы әуежайларға арналған талаптарға сақадай сай. Себебі, 2016 жылы тозығы жеткен ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта жөндеу үшін 10,6 миллиард теңге жұмсалды. Бұл өз кезегінде 300 жолаушыға дейін тасымалдай алатын Boeing, Airbus, ИЛ-76 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Яғни, тәуілігіне 25-30 рейске қызмет көрсетуге қауқарлы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары