$ 449.58  486.94  4.86

«Себепсіз ақша беріп тұрады»: қалталы азаматқа тоқал болған әйел бәйбішемен құрбы екенін айтты

Қалталы азаматтың тоқалы боп жүрген астаналық әйел өзінің қазіргі өміріне риза екенін айтты. Өткенін есіне алғысы келмейді екен. Өйткені оны 19 жасында алып қашып кеткен. Алайда, бір жыл болмай жатып үш айлық баласымен ата-енесі үйден қуып шыққан деп жазады Nur.kz.

Әйел 13 жылдан кейін қалталы азаматтың тоқалы болуға келіскен. Айтуынша, олар бір-бірін сүйіп қалыпты. Бірақ ол Алматы қаласында, ал бұл Астанада тұрған.

«Мен оған деген сезімімді білдіру үшін Астанадан Алматыға көшіп келдім. Ол маған себепсіз ақша береді. Бірақ мен оған «бірінші балаларыңа және әйеліңе жағдай жаса, содан кейін ғана маған жаса» деп айтамын. Осы сөзімнен кейін ол мені қатты сыйлай бастады», – дейді тоқал.

Оның айтуынша, қалталы азаматтың әйелі өзіне хабарласып, алғасын айтқан. Өйткені соңғы уақытта күйеуі отбасына көңіл бөле бастаған екен.
Содан кейін бәйбіше мен тоқал бір-бірімен құрбы болып кетіпті.

«Біздің бір ғана мақсатымыз бар. Ол – еркегімізге ұрпақ сыйлау. Бірақ әзірге дүниеге сәби әкелуге менің денсаулығым жарамайды», – дейді әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары