$ 448.89  477.93  4.76

Қос ғашықтың құпиясы: 82 жыл бірге тұрған жұп сырларымен бөлісті

103 жастағы Дэниел мен 100 жастағы Уилли Уильямс 1935 жылы АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында танысқан. Араға екі жыл салып үйленіп, содан бері әлі күнге дейін бір шаңырақ астында тұрып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Уильямстар жұбының отасқанына 82 жыл толуына орай олардың қызы мен немерелері ұлан-асыр той жасады. Дастархан басына отбасының алыс-жақын туысқандары мен достары жиналды – 115 адам. Тойға келген БАҚ өкілдері қос ғашықтан бақытының құпиясын сұрап көрді. Уилли өз кезегінде бақытқа жетудің аса қиын еместігін айтты. 

"Ешқандай құпия жоқ. Бар болғаны бір-біріне мейірімді болуы керек. Біз сөз таластырмаймыз, ұрыспаймыз. Ал егер қандай да бір түсініспеушілік туып жатса, оны талқылау арқылы шешеміз", - дейді ерлі-зайыпты. 

Уильямстар осы күнге дейін көптеген қуанышты да қайғылы сәтті бірге бастан кешіргенін айтады. Олар соғыстың, халық басына түскен депрессияның және қара нәсілділердің құқығы үшін күрестің куәгері болды.

Дэниел мен Уилли осыншама қиындыққа қарамастан, жолында талай жақсы адамның кездескенін айтады. 

Қазірдің өзінде жұп барлық бос уақытын бірге өкізуге тырысады – бұрынғы заманның телехикаяларын көріп, сөзжұмбақ шешеді. Ерлі-зайыптының немересі – Биджей Уильямс-Грин ата-әжесінің өзі үшін өмірлік идеалына айналғанын айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары