Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

15.04.2019, 18:09

Нұр-Сұлтанда бүтін бір отбасы торт жеп, уланып қалды

inform.kz

 

Елордада бір отбасы «Happy Cake» тортынан уланып қалды. Осы оқиғаға орай Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде елорданың жұқпалы аурулар ауруханасына 4 ересек пен 10 жастағы бір бала өткір ішек инфекциясымен жатқызылды. Зардап шегушілер өздерінің ауруларын жексенді 14 сәуір күні Күйші Дина көшесі 13 үйде орналасқан  «Happy Cake» дүкенінен «Птичье молоко» тортын алып жеумен байланыстырады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті аталған нысанда тамақтан улануға қатысты тексеру жүргізіп, эпидемияға қарсы шараларды бастап кетті. Тексеру қорытындысы мен қабылданған әкімшілік шаралар қосымша хабарланады.

«Бұған дейін департамент  «Happy Cake» дүкенінің кремді-кондитерлік өнімдерді пісіруге рұқсат қағаздарының жоқ екендігін және тексеру жүргізуге мүмкіншіліктің жоқтығын халыққа хабарлаған болатын. Себебі елімізде кәсіпкерлік субъектісі ашылған күнінен бастап 3 жылға дейін тексеруден босатылған. Бұған қоса, 2017 жылы Ақмешіт көшесі 5 үйде орналасқан  «Happy Cake» нысанына рұқсат беру құжаттарын беруден бас тартылған болатын. Себебі ол санитарлық талаптарға сай келмейді», - деп атап өтеді департаменттен.

Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті елорда тұрғындарына кремді-кондитерлік тағамдарды сатып алмас бұрын сатушыдан санитарлық-эпимиологиялық қорытындысының бар-жоғын сұрауға кеңес береді.

 


Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.