$ 448.15  483.46  4.86

Екі қолы мен бір аяғы жоқ жігіт ән айтып, жұртты жылатты (ВИДЕО)

20 жастағы Нышанбай Оңғарбай екі қол, бір аяғы жоқ болып дүние есігін ашқан І топтағы мүгедек. Шымкенттегі "Тасарық" балалар үйінде тәрбиеленіп өскен. Бүгінде сол Шымқаладағы Нұрсат мөлтекауданында пәтер жалдап тұрады. Мемлекеттен 56 мың көлемінде жәрдемақы алады. Өкінішке қарай, бұл ақша пәтер ақысынан артылмайды. Бұл туралы белгілі журналист әрі блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram-парақшасында жазып, жарымжан жігіттің ән айтып отырған сәтін жүктеген.

Дәулеттің айтуынша, оған қоса, аяғына киілетін протезі де ескірген. 

«Айтуынша, оны жыл сайын ауыстырып отыру қажет. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір протезбен жүр. Аяғын қысады, қажайды. Десе де шыдауға мәжбүр. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, ағайын! Көмек қолын созам деушілер болса, төменде көрсетілген телефонға xабарласыңыздар: 8-702-56-11-444. Каспий Голд 5169 4931 7331 2300, ИИН 831121401365 Сандуғаш Пердешқызы @sandi_adina. Алла мол сауаптан жазсын!»,-деген блогер қазақстандықтарды мүгедек жігітке қол ұшын созуға шақырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары