$ 445.66  474.58  4.78

Аша Матай мен Арман Қоңыров ажырасып кеткен бе? (ВИДЕО)

Ән арқылы табысқан жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңыров кейінгі уақытта ажырасқалы жатыр деген қауесет тарап, оған сахналық әріптестері мен қарапайым халықтың да алаңдағаны бар. Еуразия арнасындағы «Бір сұрақ» бағдарламасына келген ерлі-зайыптылар көптің көңілінде жүрген осы сұраққа ашық жауап берді. 

«Әртүрлі кезеңдер болды. Жұбайым екеуіміз қызық қабылдадық десек те болады. Бірде жақсы, бірде жылап та алдым, бірде жыным да келген уақыт болды. Біз айтпаған бір сырлар шыға бастады. Арман оның көзіне шөп салыпты ғой деген де сөздер шыға бастады. Әрине, мен оны жүрегіме ауыр алдым»,-деген Аша Матай бұның бәрі жай өсек екенін айтып ақталды.

Студияға келген Арман Қоңыровтың өзі бұл қауесеттің аяқ астынан пайда болғанын айтып, аяғына қарай бұл әңгімеге өздері отқа май құйып, өрбіткенін айтты.

«Бәрі 8-наурызда Ашаның менің сыйлаған гүліммен түскен суретін желіге салмауынан басталды. Сосын желі қолданушылары екеуі ажырасып кеткен секілді деп дүрліге бастады. Кейін әңгімеге менің әпкем Әйгерімді қосып, екеуінің ажырасуына сол себепкер деп, оны кінәлай бастады»,-деген Арман өзіне хабарласқан журналистерге жауап беруден бас тартып, өсектің ары қарай өрбуіне жол бергенін мойындады. 

Жұлдызды жұп ел арасында осындай қауесет тарап жатқан кезде «Ау, жаным» әніне бейнеклип түсіріпті. Бағдарлама барысында осындай өсектің арқасында оның қаралымы 2 миллионға жақындағаны белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары