$ 448.89  477.93  4.76

Нұр-Сұлтанда торттан уланғандар саны 13 адам болды

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Садуақас Байғабылов «Happy Cake» компаниясының «Птичье молоко» тортынан елорда тұрғындарының жаппай улануына байланысты жүргізілген тексерудің алдын ала нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«2019 жылдың 19 сәуірінде «Happy Cake» дайындаған «Птичье молоко» тортын жегеннен кейін зардап шеккендердің саны 13 адамға жетті. Оның 10-ы - ересек адам, үшеуі - бала. Бүгінгі күні жұқпалы аурулар ауруханасында өткір ішек инфекциясымен 8 науқас ем алып жатыр, 5-еуі амбулаторлық ем алуда. Уланғандардың арасында 3, 7, 11 сынып оқушылары, 2 студент, мұғалім, 2 бухгалтер, 2 менеджер және басқа адамдар бар. Барлығы да елорданың түрлі аудандарында тұрады», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, 15 сәуірден бастап «Happy Cake» «Птичье молоко» тортын шығаруды уақытша тоқтатқан. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында уланғандар санын шектеуге мүмкіндік берген шара болды. 

«Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде «Happy Cake» кондитерлік цехында пайдаланылатын өндірістік құрал-жабдықтардан ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды: үш жұмысшыдан, оның ішінде 2 кондитерден стафилококк табылды», - деді Садуақас Байғабылов. 

Оның атап өтуінше, тексеру барысында залалсыздандыру ерітінділерінің концентрациясы сақталмағандығы анықталып, таңбасы, сақтау мерзімі көрсетілмеген тауық жұмыртқасы табылған. Дайын өнім мен торт әзірлеуге қажетті өнімдер бір мұздатқышта сақталған. Мұнан өзге де кемшіліктері бар. Қазіргі уақытта департамент «Happy Cake» кондитерлік цехын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

«Happy Cake» иесі Асхат Солтановпен елордада қоғамдық денсаулықты қорғау саласындағы заңнама талаптарына сай кондитерлік цех ашу туралы кеңес беру үшін тағы бір кездесуге, сындарлы сұхбатқа дайынмын, Зардап шегушілердің тамақтан улануы «Happy Cake» кондитерлік цехының санитарлық ережелер мен нормаларды кешенді бұзуы және өндірістік орын-жайды жайғастыру барысындағы технологиялық процестердің сәйкессіздігі себеп болып отыр», - деді департамент басшысы. 

Еске сала кетсек, үш күн бұрын елордада бір отбасы «Happy Cake» тортынан уланып қалған болатын. Арада көп уақыт өтпей қалалық қоғамдық денсаулық сақтау депаратментінің басшысы Сәдуақас Байғабыл «Happy Cake» тортынан улану жағдайы тағы да тіркелгенін хабарлаған еді. Сондай-ақ, тағы төрт адам торттан уланды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары