$ 445.66  474.58  4.78

Орталық коммуникациялар қызметі жойылып, Қазконтент пен Қазақпарат біріктіріледі

Қазақстанда Орталық коммуникациялар қызметі жойылып, «Қазконтент» АҚ және «Қазақпарат» ЖШС  қайта құрылады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған ҚР үкіметі қаулысының жобасында айтылған деп хабарлайды Zakon.kz

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық  мемлекеттік мекемесі  жойылсын», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылады деп жоспарлануда.

"Қазконтент" акционерлік қоғамы  оған «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ қосылып, қайта құрылатын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары