$ 444.32  473.33  4.76

Айтыскер ақындар көпбалалы отбасыға үй алып берді (ВИДЕО)

Белгілі  айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram–парақшасында Талдықорғанда өткен кештен түскен қаражатқа көпбалалы отбасыға үй алып бергендерін жазған. Ал, бейнежазбада кілтті айтыс ақындары Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваның табыстағаны көрсетілген.

«Бүгін Талдықорғанда керемет кеш өтті! Ән де, би де, айтыс та болды.. Ең бастысы @balgynbek_imash_official досым мен @olensoz_kz бауырымыздың туған күніне ыстық тілектер айтылды.. Дәл бүгін біз айтысқа дайындалып жанталасып жатқанда Жандарбектің төртінші перзенті ұл бала дүниеге келді.. Балғынбекке «Алматы облысының құрметті азаматы» атағы берілді.. Барлық қуаныштар құтты болсын!»,-деген өнер иесі қайырымдылық мақсатта өткізілген кешке айтыскер ақындар қатысқанын аңғартады.

Сондай-ақ, айтыстың аққуы кештің басты жаңалығымен де бөліскен.

«Концерттен түскен қаражатқа 6 баламен баспанасыз қиналып жүрген отбасыға баспана алып бердік.. Беріп жатқан сәттегі риза болып жылаған ананың көз жасы бәріміздің жүрегімізді елжіретті.. Бәрінен де қуанғаннан әкесін құшақтап жылаған кішкентай ұлдың көз жасына бей-жай қарау мүмкін емес еді»,-дейді ол.

Өнер иесінің айтуынша, бұл үрдіс барлық облыстарда жалғасын табатын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары