$ 498.51  522.84  4.81

«Ойбай шоудың жүргiзушiсiн көрсеңдер жөнге салыңдаршы»: Нұрболхан тағы қаһарына мінді

Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасында  пәктігін 2 миллион теңгеге сатамын деп елді дүрліктірген қыздың рөл ойнағанын әшкере еткен белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов енді «Ойбай шоу» бағдарламасын сынға алды. Әсіресе, блогер әртістермен сүйісіп, олардың іш киімдерінің бағасын сұрайтын ұятсыз жүргізушіні жөнге салу керек деп есептейді.

«Бiреудiң қиын тағдыры - бiреулер үшiн рейтинг болған кезең! Қазiргi кейбір жүргiзушiсымақ журналистерге қатысты айтамын. Өзгенi қайтесiңдер, өздерiңнiң арттарыңа бiр үңiлсеңдершi дим да, жаңағы... Өзiңдi түзеп, жоғыңды түгендеп барып өзгенiң өмiрiне сұқсайшы қолыңды,. И то қақың жоқ! Чисто өз ойым бұл.

Анау, Ойбай шоудың жүргiзушiсiн көрсеңдер жөнге салыңдаршы, Алматының намыстылары!»,-деген әзілкеш жігіт хайп үшін өнер иелерінің жеке өміріне қол сұққан тележүргізуші Мұхит Сапарбаевты қатаң сынға алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. Кейін Нұрболхан Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары