$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтан мен Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашулар қай жерлерде өтеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу екі жерде өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елордалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу Нұр-Сұлтан қаласында 9 мамыр күні сағат 22:00-де  екі жерде өтеді: Есіл өзенінің жағалауы мен Триатлон саябағы», - делінген хабарламада. 

Алматы қаласындағы «Астана» алаңында 20:00-де қала әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және эстрада жұлдыздарының қатысуымен  «Тағзым» атты концерт өтеді. 

«Қала қонақтары мен тұрғындарына арналған мерекелік шаралар аяқталғаннан кейін ескі алаңда отшашу жағылады», - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары