Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


15.05.2019, 16:37

Ақтөбеде отбасын сақтау орталығы ашылды

inform.kz

Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығында Отбасын сақтау орталығы ашылды. Мұнда ұзақ жылдар бойы тату-тәтті тұрып жатқан отбасыдан үлгі-өнеге алып, қоғам қайраткерлерінің тағылымды әңгімесін тыңдауға болады. Сонымен қатар психологтар кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар мен мұғалімдер, дәрігерлер орталықтың жұмысына көмек көрсетеді. Өткен жылы Жоғарғы соттың бастамасымен Отбасылық сот жобасы қолға алынған болатын. Ал бүгін Отбасын сақтау орталығы ашылды. Енді сот арқылы некені бұзуды қалайтындардың бәрі осы орталыққа жіберіледі. Себебі елімізде ғана емес, Ақтөбеде де ажырасып жатқан жас отбасылар көп», - дейді Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссиясының хатшысы Ақмарал Хон. 

Өткен жылдың 4 айында Ақтөбеде 1 мыңнан астам отбасы ажырасуға арыз түсірді. Ал биыл дәл сол уақыт аралығында 1200-ден астам шағым түскен. Олардың 500-ден астамы татуласса, 400-і некені бұзды. 

«Сотта да татуласуға мүмкіндік беріледі. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жылылықты сақтап қалу үшін психологтың көмегіне жүгінеміз. Тұрмыстың төмен болуы, зорлық-зомбылық, тараптардың бірінің ішімдікке, есірткіге әуестігі, құмар ойынға салынуы да кері әсерін тигізеді. Ойынқұмарлар банктен несие алып, қарызға батады. Еңбекақы ала алмай жүргендер мен балалы бола алмағандар да некені бұзуға арыз түсіреді. Сот отырысына келген әр отбасыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Кейде ерлі-зайыптылар бір-бірін сыйламай, ауыр сөздер айтады», - деді Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдуллина. Судьяның айтуынша, қартайған шақта ажырасатындар да кездеседі. 

«Ерлі-зайыптылардың ортақ әңгімесі болмаған кезде ажырасады. Мәселен, 30 жыл бойы бірге тұрған ерлі-зайыпты некелерін бұзды. Кейде бірі қызының, екіншісі ұлының айтқанын қолдап, екі жаққа кетеді. Оларға психологиялық көмек көрсетіледі. Көбіне балалары көмекке келеді», - деді судья Айгүл Абдуллина. 

 

 

 

 

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.