$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбеде 61 ана Нұр-Сұлтанда қаза болған бес қызға құран бағыштатып, ауызашар берді

Ақтөбеде 61 ана Нұр-Сұлтанда өрттен қаза болған бес қызға құран бағыштатып, ауызашар берді. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі @kanatti_soz парақшасында жазылған.

 «Ақтөбеде 61 ана Нұр-Сұлтандағы уақытша баспанадан шыққан өрттен мерт болған апалы-сіңлілі бес қызға құран бағыштап, өз қалтасынан қаржы шығарып, ауызашар берді»,-делінген хабарламада.

«Алла разы болсын, бес періштенің жатқан жері жайлы болсын,ауыз ашар беріп,еске алып жатқан 61 аналарға денсаулық тілеймін!», «Аллам ниеттеріңізді қабыл етсін. Алланың нұры жаусын», «Қабыл болсын, аналар!!!», «Қабыл болсын. Періштелердің Аллаһы разы болсын, бұ дүниеде отта жатса, о дүниеде жұмақта жатсын.Мәңгі мекені жұмақ болғай. Ата-аналардың сауапты істері Алладан еселеп қайтсын» деп жазды желі қолданушылары. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары