$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда 18 жастағы студент қыз емтиханнан шыққаннан кейін жоғалып кетті

18 жастағы Айгүл Амангелді 4 күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне еріктілер тобының жетекшісі Ислам Угушев жазды.  

Студент қыз 13 мамыр күні таңертен сағат 9-да Алматы облысы Белбұлақ ауылындағы үйінен Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы медицина университетіне емтихан тапсыруға кеткен. Содан үйіне оралмаған. Бойжеткеннің ата-анасы қыздарының жоғалғаны жайлы Талғар аудандық ішкі істер басқармасына  арыз жазған. 

«Айгүлдің үйі мен университетіне баратын жолдардың бәрі тексерілді. Телефонындағы кіріс және шығыс қоңыраулары мен хабарламалары жайлы ақпарат алынды. Бірақ ештеңе табылмады. Бір қызығы оның телефоны жоғалып кеткеннен кейін бір тәулік бойы қосылып тұрды», –  деп жазды еріктілер тобының жетекшісі Ислам Угушев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары