$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауда бір мезетте 5 көлік соқтығысып, 1 бала зардап шекті

Ақтауда бір мезетте 5 көлік соқтығысып, 1 бала зардап шекті. Көлік апаты «Ақ Қала Молл» сауда ойын-сауық орталығының маңынан өтетін автожолда болды, деп хабарлайды lada.kz.

Жол апатына бір мезетте 5 көлік түсті. Олар: ВАЗ-2114, Mercedes-Benz, Nissan Tiida, Toyota Land Cruiser Prado және Kia Cerato маркілі көліктері. 

Жол полициясы қызметінің мәліметтері бойынша, жол апатының салдарынан бір бала зардап шегіп, ол Маңғыстау облыстық ауруханасының жарақаттар бөліміне жеткізілді.  

Жол апатына түскен көлік иелері наркология бөліміне арнайы тексеруге жіберілді. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #ЖКО