$ 447.4  477.55  4.76

Қарағанды облысында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Облыстың барлық дерлік қалалары мен аудандарында көпбалалы аналарға пәтер кілттері табыс етілді. Мемлекет тарапынан берілген және меценаттар сыйлаған жаңа пәтерлерде 15 отбасы қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

17 мамырда  Қарағанды облысында 15 көпбалалы отбасы пәтер кілттерін алды. Жаңа баспанаға Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Саран, Теміртау, Абай, Нұра, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Осакаров және Шет аудандарының тұрғындары ие болды. 

Қоныс тойын тойлаушылар арасында Жезқазған қаласының тұрғыны, 10 бала асырап отырған батыр ана Жаңыл Бидәулетованың отбасы да бар. Осыған дейін олар жалға алынған пәтерде тұрып келген. Пәтер кезегінде 2005 жылдан бері тұрған еді. Енді отбасы жергілікті кәсіпкер меценаттардың арқасында баспаналы болып отыр. 

Ал Саран қаласында пәтер кілті көпбалалы ана Жанар Қанапинаға берілді. Оның жолдасы сылақшы болып жұмыс істейді, ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отыр. Бұрын отбасы пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған. Енді міне, олардың өз баспанасы бар.

Қарағанды облысында мамырдың соңына дейін 133 көпбалалы отбасына пәтер кілті табысталады. Биыл 560 көпбалалы отбасы өз баспанасына қол жеткізеді деп жоспарланған.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары