$ 449.3  489.69  4.89

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы облысында ер адам көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға Алматы облысына қарасты Есік қаласына кіре берісінде орын алған. Ер адам жол жиегінде тұрып, жолай өтіп жатқан көліктердің бірін тоқтатпақ болған.

Mitsubishi RVR автокөлігінің жүргізушісі өзі күзетші болып қызмет жасайтын мектептен түнгі ауысымнан шығып, үйіне қайтып келе жатқан. Үйіне қарай бет алған азамат рөлде ұйықтап кетіп, көлік тоқтатып тұрған жігітті қағып кеткен.

Оқиға салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші жолдың шетіне қарай ұшып, басы жұлынып кетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары